Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен (қоғамдық орында қайыршылық мақсатында мазалып тиіскені үшін) Өзбекстан Республикасы азаматшасы Д.-ға қатысты қозғалған әкімшілік іс қаралды.
Аудандық соттың хабарлауынша, полиция қызметкерлерімен құжаттарын тексеру кезінде анықталғандай, Өзбекстан Республикасы азаматшасы Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, 16 шілде 2015 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған кентіндегі қоғамдық орын «Аққу» сауда үйінің алдында баласын ертіп қайыршылықпен айналысып жүрген.
Сотта Өзбекстан Республикасы азаматшасы Д. қайыршылықпен айналысқаны туралы кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетінін көрсетті.
Сот көрсетілген баптың санкциясында қамаққа алу жазасы болғандықтан, ал Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтындықтан, Өзбекстан Республикасының азаматшасы Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.