Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Әзиз бабалар мекеніне баратын жол салынуда

Халық әулие бабаларға тағзым жасау үшін жолдың машақатын сезінбеу керектігі әуелден ескерілген. Сондықтан Жаңақорған ауданында 15 шақырымдық жол салу қолға алынып отыр. Оны облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өзі бас болып шешіп берді. Бұған облыс бюджетінен 99,4 млн қаржы бөлінді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 

Мердігер облыстық мәслихат депутаты Алтынбек Шоманов басқаратын «Қызылорда жолдары» АҚ мекемесі. Туған жерге өзінің перзенттік парызын қосуды көздеген депутаттың демеуі елге аз емес. Әлі де зор мақсаттарды межелеуге үмітті. Мұнда учаске бастығы Болат Әліпбаев пен техникалық бақылаушы Әсетулла Рустемов құрылыстың барысын баяндап, жұмыстың сапасына тоқталды. Аудан әкімі Руслан Рустемов құрылыстың қадамын қарап, мерзімінен бұрын аяқтауды баса айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: