Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Анасына балағат сөздер айтқаны үшін жазаланды

 Анасына балағат сөздер айтқаны үшін жазаландыАрал аудандық сотында азамат К.Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Бұл жөнінде аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К.Б. бұрын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін әкімшілік жазаға тартылған Солай бола тұра, 2015 жылдың тамыз айының 12 күні, «орта» дәрежелі масаң күйінде, өз үйінде, анасы Б.К-ның мазасын алған. Анасына балағат сөздер айтып, сыйламаушылық  көрсеткен.
Сот отырысында құқық бұзушы К.Б. өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді. Сот қаулысымен құқық бұзушы К.Б. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: