Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазанда қалалық ипподром ашылады

Қазанда қалалық ипподром ашыладыҚазан айының басында дәстүрге сәйкес егін науқанының аяқталуына орай «Алтын күз» мерекесі өтеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қалалық ипподром салтанатты түрде ашылмақ. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
Жиында облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Бекішев егін жинау науқанының барысы туралы баяндап берді.
Биыл облыста 163,7 мың гектарға егіс егілді. Соның 83,9 мың гектары негізгі дақыл күрішке тиесілі. Қазіргі таңда шаруашылықтарда күздік және жаздық бидай, арпа дақылын жинауды аяқтады. Ал күріш жинау жұмыстары қызу жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін барлығы 12360 га күріш орылып, 6391 га бастырылды. Орта өнім гектарына 41,2 центнерден келуде. Сала мамандары егін жинау жұмыстары қазан айына дейін аяқталатындығын айтты. 
Жанар-жағармайдан мәселе жоқ. Шаруашылықтардың қолында барлық қажетті 16 мың тонна дизель отынының 11,5 мың тоннасы (72,2%), 3,2 мың тонна бензиннің 2,3 мың тоннасы (72,2%) және 960 тонна қою майдың 684 тоннасы (71,3%) бар. Қалған қажеттіліктерді арнайы белгіленген операторлар уақытында жеткізіп отырады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: