Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғандар бар

Қызылордада діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғандар бар Қызылорда  облысы әкімінің 2012 жылғы 12 қазандағы №593 қаулысымен Қызылорда қаласында орналасқан 2 кітап дүкендеріне ғана діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға арнайы рұқсат берілген.   
2015 жылдың жыл басынан Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін 6 дерегі тіркеліп, Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 6 жеке тұлғаға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, ал 1 дерегі бойынша қызметі үш ай мерзімге тоқтатылды. 
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылдың  27 қаңтарында Қызылорда ОІІД қызметкерлерімен жедел - іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қызылорда қаласының кітап  дүкеніндерінің бірінде 3 дана діни мазмұндағы  кітаптар сатылымда тұрғандығы анықталып, осы кітаптар айғақты зат ретінде алынып, сот сараптама қорытындысының нәтижесінде алынған әдебиеттер діни мазмұндағы әдебиеттер екендігі анықталып, жинақталған құжаттар, Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі мен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот шешімімен азаматша Б.Н. кінәлі деп танылып, ҚР ӘҚБТК-нің 490-бабы бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, қызметі үш ай мерзімге тоқтатылды.
Сонымен қатар, 09.02.2015 жылы жедел профилактикалық іс-шара барысында облыс орталығында орналасқан кітап сату дүкеніндерінің бірінде  2 дана діни мазмұндағы  кітаптар сатылымда тұрғандығы анықталып, жинақталған құжаттар Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі мен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот шешімімен азаматша К. Р.  кінәлі деп танылып, ҚР ӘҚБТК-нің 490- бабы бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: