Қазалы ауданының жас кәсіпкері Е.Алданазаров таза ауыз су шығару кәсібін қолға алды. Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан орталығындағы «Өндірістік аймақтың» учаскесінен 0,15 га жер алып, ғимарат құрылысын бітірді. Қытай Халық Республикасынан әкелінген қажетті құрылғылары да дайын. Цех қазан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аудан басшысы жас кәсіпкердің тың кәсібіне сәттілік тіледі. Айта кетейік, бұл аудан бойынша таза ауыз су шығаратын алғашқы цех болып табылады.