Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Қазалыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті«Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына ықпал етіп, еліміздегі әлеуметтік жағдайды жақсартуды көздейді. Осы бағыт негізінде Қазалы ауданында жыл басынан бері бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 қыркүйекте өткен жәрмеңкеге 60-қа жуық азамат жұмыс іздеуші ретінде келген. Ұйымдастырушылар жұмыссыздардың тізімін алып, мамандықтары мен қандай кәсіпке икемі барын анықтады. Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қазалы аудандық жұмыспен қамту орталығы, «Жас орда» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері тарапынан қажетті кеңестер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі жәрмеңкеге 12 мекемеден барлығы 52 бос жұмыс орны ұсынылды.
Айта кетейік, алдағы уақытта «Жас Орда» ЖҚБ жұмыссыз жүрген жастар туралы толық деректер жасақтап, жас кадрларды жедел түрде жұмысқа орналастырудың айқын базасын қолға алмақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: