Еуроодақ сарапшылары облыс аумағын дамытуға атсалысты
Қызылорда облыстық әкімдігінің мәжіліс залында өткен семинар-жиын барысында 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысы аумағын дамыту аясында аймақтарды қолдау бағдарламасының іске асу барысы талқыланды. Жиынға Колм Мак Клементса бастаған бір топ Еуроодақтың сарапшылары қатысты.
Аймақтарды қолдау бағдарламасы Қызылорда, Шығыс-Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдіктеріне облыс аумағын дамытуға көмек беруге бағытталған. Жиын барысында жобаға қатысқан облыстық басқарма қызметкерлеріне сертификат табысталды.