Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен азамат О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы О. мас күйінде баласы А.-ға «қойды неге менің рұқсатымсыз үйге алып келесің» деп аула ішінде екеуі өзара сөзге келіп қалады. Сол жерде төбелесіп жатқан уақытында сотталушы О. баласына күші жетпеген соң тергеу барысында анықталмаған ұзындығы 20 см. болатын үшкір темірді алып баласы А.-ның ішіне бір рет тығады. Осылайша оның өміріне қауіп төндіріп, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.
Сотталушының қылмыстық әрекеті, сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы О. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.