Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОМО-НЫҢ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ БӨЛІМІ ЖЕТІЛДІРІЛІП КЕЛЕДІ

ОМО-НЫҢ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ БӨЛІМІ ЖЕТІЛДІРІЛІП КЕЛЕДІБұрын сынықтарды ашып құрсаулау немесе басқалай ем түрлері қолданып, ұзақ емдейтін болса, қазір теріні бүлдірмей-ақ зақымданған жауырын-жамбас сүйектерін арнайы электронды көру құралдары арқылы әп сәтте орнына келтіреді.
Облыстық медицина орталығының балалар хирургиясы бөлімі – аймақтағы мамандандырылған және жан-жақты жетілдірілген бөлім.  Жаңа туған нәресте мен 15 жасқа дейінгі балаларға бес бағытта жеделдетілген жоғарғы сапалы дәрігерлік қызмет көрсетеді. Облыстық медициналық орталықта 2015 жылы 13 мыңға жуық адамға жоғарғы деңгейде медициналық қызмет көрсетілген. Олардың 7 мыңы – хирургиялық бағытта. 600-дей емделуші мамандандырылған ем-дом алған. 
Қазір жүрекке, жұлынға, омыртқа ем жасау еш қиындығы мен қорқынышы жоқ күнделікті жағдайға айналды. Облыстық медицина орталығының бүгінгі тыныс-тіршілігі көңіл қуантады. Ұжымдық өркендеу, кәсіби шыңдалу, заманауи жаңару жемісті жұмыстардың негізі болмақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: