Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЗАҢСЫЗ ҚАРУ МЕН ЕСІРТКІ ЗАТЫН ТАСЫМАЛДАҒАН

ЗАҢСЫЗ ҚАРУ МЕН ЕСІРТКІ ЗАТЫН ТАСЫМАЛДАҒАН Сотталушы С. қоғамдық тәртіпке және халық денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Бұл жайында Қызылорда қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, С. Алматы қаласының шет аумағындағы анықталмаған жерден №ЧР 432 револьвер атыс қаруын 40 дана оқ-дәрілерімен бірге тауып алған. Оны өзімен бірге сақтаған. 2015 жылдың 15 шілдесінде жеке жұмыстарымен автокөлігімен Алматы қаласынан Қызылорда қаласына жолға шыққан. Автокөліктің жүк салғышында аталған қаруды 40 дана оғымен бірге,  апиын есірткі затын өзі пайдалану үшін алып, сақтап, тасымалдаған.
Қызылорда қалалық № 2 сотының үкімімен сотталушы С.  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 198 200 (бір жүз тоқсан сегіз мың екі жүз) теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабымен  3 бөлігімен кінәлі деп  танып,  2 (екі) жыл мерзімге  бас бостандығынан айыру  жазасы  тағайындалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: