Қазіргі кезде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аталмыш бөлімнің тікелей міндетіне кіреді.
Қала халқына таза әрі санитарлық талапқа сай өнім ұсыну мақсатында сауда үйлерінің мал өнімдерін сататын павильондарында және мал сою орталықтарында бөлім мамандары мен зертхана мамандары жұмыс жасауда.
Қала бойынша бүгінде 3 мал сою алаңы жұмыс жасайды. Атап айтар болсақ, «Нұржан», «Ақ барыс», «Нұрболат» мал сою алаңы. «Нұржан» мал сою алаңы осы жылдың сәуір айында барлық ветеринариялық-санитарлық талаптарға сай жаңадан салынып, іске қосылды. Мал сою алаңдарында сойыс малдар алдын ала клиникалық тексеруден өткізіледі. Сойылғаннан кейін ішкі органдары визуалдық тексеруден өткізіліп, жарамсыз органдары жойылады. Есепті кезеңде мал сою алаңдарында 2126 келі жарамсыз органдар жойылған.
Сауда қатарына әкелінгеннен кейін зертханалық тексеруден өткізіліп, жарамдылығы анықталғаннан соң сатылымға жіберіледі. Сондай-ақ, сүт және сүт өнімдері де тексеруден өткізіледі. Бүгінгі күнге дейін ет, сүт өнімдерінен 127 келі жарамсыз өнім жойылды. Бұл жұмыстар күнделікті бөлім тарапынан бақылануда.