Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЖАС МЕРГЕНДЕР ЖАРАП ТҰР

ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЖАС МЕРГЕНДЕР ЖАРАП ТҰРҚызылорда облысының білім басқармасы «Аймақтық дене тәрбиесі орталығы» ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында мектеп оқушылары арасында облыстық «Жас мерген» пневматикалық мылтықтан ату жарысы болып өтті. 
Жарысқа аудандағы мектеп оқушыларынан құралған «Айбын» командасы қатысты. Команда құрамындағы №94 мектеп оқушылары Күлімбетов Еркін, Өмірбек Рахман, №103 мектеп оқушысы Кенжебай Талаптан, №70 мектеп оқушысы Аманжол Аяп және 
№225 мектеп оқушысы Ақжігіт Нұркелді өте белсенділік танытты. 
Жарысқа қатысушылар бөлімше командирінің дайындық жөнінде баянат тапсыру, АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау, пневматикалық мылтықтан ату әскери-қолданбалы түрлері бойынша сайысқа түсті. Жарыс нәтижесінде «Айбын» командасы жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: