Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚЫННЫҢ АЛДЫНА ОТЫРЫП СУРЕТКЕ ТҮСКЕН БОЙЖЕТКЕН КӨПШІЛІКТІҢ АШУЫН КЕЛТІРДІ (ФОТО)

АҚЫННЫҢ АЛДЫНА ОТЫРЫП СУРЕТКЕ ТҮСКЕН БОЙЖЕТКЕН КӨПШІЛІКТІҢ АШУЫН КЕЛТІРДІ (ФОТО)

 

Ақын Әбділдә Тәжібаевтың ескерткішіне мініп, суретке түскен қызылордалық қыз көпшіліктің ашуын келтірді. Белсенділер полицейлерден селфилеткіш бойжеткенді тауып, жазалауды сұрауда.
Ғаламторда Қызылорда қаласында орналасқан ақын, драматург Әбділдә Тәжібаевтың ескерткішіне мініп, суретке түскен бойжеткеннің фотосы пайда болды. Көпшілік бір ауыздан селфишіл қызды «әруақ сыйламайды, сүйікті ақынды құрметтемеді» деп сөгіп, тәртіп сақшыларынан дереу тауып, жазаулауды талап етіп отыр.
Дегенмен де белсенді халықтың басым көпшілігі Қызылорда тумалары болғанымен, әзірге ешкім полицейлерге арыз түсірмеген. Қысқа шорты киіп, ашық-шашық отырған бойжеткен бұл суретке жаз кезінде түскені көрініп тұр.
Естеріңізге сала кетсек, осы күнге дейін ескерткішке аяғын қойып суретке түскен талай қазақстандық әкімшілік жазаға тартылған болатын. Жастықтың буымен жаңа қызық тапқандардың алды 20 мың теңгеден аса айыппұл төлеп, әрең құтылған.

АҚЫННЫҢ АЛДЫНА ОТЫРЫП СУРЕТКЕ ТҮСКЕН БОЙЖЕТКЕН КӨПШІЛІКТІҢ АШУЫН КЕЛТІРДІ (ФОТО)

 



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: