Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ЖАСТАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

АРАЛДА ЖАСТАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДААрал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жұмагүл Әлішеваның төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру жөніндегі кеңес отырысы өтті. 
Қазіргі таңда Арал ауданында 16-29 жас аралығындағы 20 мыңнан астам жас болса, олардың басым көпшілігі спортты жанынан серік еткен. Ал аудан көлемінде жастардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасайтын 228 спорт нысаны жұмыс жасайды. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша биылғы жылы өтініш білдірген 15 жас маман тұрғын үйге қол жеткізген. Ал келер жылы аталған бағдарламамен 20-дан астам жас үй алуға ниетті білдірген. 
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, отанды сүю мен бос уақытын тиімді пайдалану және жаман жаққа бет бұрудан сақтандыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» Арал аудандық бөлімі жыл басынан бері жоспарға сай іс-шараларын дәйектілікпен атқарып келеді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: