ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 333 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Қызылорда облысының әкімдігі аймақ экономикасына инвестицияларды тартумен қызу айналысып жатыр.
Қазіргі таңда қаржы институттарымен бірлесе отырып 333 млрд. теңгеге жобалар орындалып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында өңір әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады.
"Елбасы инвестицияларды тартуға әрдайым ерекше көңіл бөледі. Осы ретте халықаралық қаржы институттарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық салаларда 31 жоба іске асырылып жатыр», - деді әкім.
Мысалы, Азия даму банкі Сырдарияның сол жағалауында орналасқан Қызылорданың ықшам аудандарындағы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды қаржыландырған болатын.
Бұдан басқа Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығы желісімен әлеуметтік жобада 15 жоба іске асырылып жатыр.