0
ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қала әкімінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №506 өкімімен Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлы қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлы 1981 жылды Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2010 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Жерге орналастырушы», «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын:
1997-1999 жылдары «Шаған» ЖШС жұмысшы;
2006-2008 жылдары «Қызылордажер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында техник-инженер, бөлім басшысы;
2008-2012 жылдары қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің жетекші, бас маманы, бөлім басшысы;
2012-2016 жылдары қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы;
2016 жылдан осы кезге дейін «Мемлекеттік қалақұрылысы кадастры» Қызылорда филиалының директоры қызметін атқарған. Отбасылы.