Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАС ҚЫЗДЫҢ БАС КИІМІН ҰРЛАҒАН ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

ЖАС ҚЫЗДЫҢ БАС КИІМІН ҰРЛАҒАН ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫҚызылорда қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының 102 арнасына Қызылорда қаласының 2001 жылы туылған тұрғынының бас киімін белгісіз біреу басынан жұлып алып  кеткендігі жайлы хабарлама келіп түседі. 
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған хабарлама бойынша Жедел басқару орталығының кезекші инспекторы полиция аға лейтенанты Толысбаев Мейрман Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан бейнекамерамен фиксация алып, қашып бара жатырған азаматшаны байқайды. Жедел түрде осы аумақта барлау жұмыстарын жүргізіп жатырған Жол-патрульді полиция батальонына бағыт-бағдар  беріліп, нәтижесінде 1982 жылы туылған азаматша ұсталады.
Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 1-бөлігі бойынша (Тонау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: