Бүгін Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов кенттегі сенбілік жұмыстарын аралап, тазалық мәселесін бақылады.
5-квартал тұрғындарымен кездескен аудан басшысы тазалықтың әр ауладан бастау алғаны қажет екендігін айтып, тазалық мәселесіне жұмыла кірісуге шақырды. Өз кезегінде тұрғындар да тазалыққа бей-жай қарамайтындықтарын жеткізді.
Айта кетейік, кенттегі қорымдарды қоршау жұмыстары басталып, бүгін теміржол саласының қызметкерлері мен кент әкімдігі қызметкерлері орыс қорымын қоршау жұмыстарын жүргізуде.