Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ АРҚАР МӘСЕЛЕСІ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІЛДІ

ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ АРҚАР МӘСЕЛЕСІ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІЛДІЖаңақорған ауданының тұрғыны Қалау Әшімов Қаратау бөктерінде жылқы қарап жүріп, арқардың баласы – қозықаны тауып алған еді. Оны асырап, қазіргі таңда аталмыш жануар өсіп қалды. 
Бұл жайында республикалық бірқатар ақпарат құралдары хабарлады. Дегенмен, одан кейін "оған қатысты тиісті шара көреді екен" деген хабар желдей есті. Онда құқық қорғау және табиғат қорғау мекемелері мамандары тарапынан оған қарсы түрлі іс-шаралар қолданғалы жатқаны айтылған еді. Бұл оқиғаның анық-қанығы жөнінде облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Бекзат Жүсіп өзінің фейсбук желісіндегі парақшасында төмендегі мәліметтерді елге жеткізді. 
"Жаңақорған ауданындағы арқарға қатысты кешелі-бері бірқатар ақпараттық сайттарда біраз сөз болып, әлеуметтік желі де үлкен талқыға түсті. Бірден мән-жәйді білмеген соң, пікір білдіруге асықпадым. Белгілі болғаны, соншалықты шу көтеретіндей ештеңе жоқ. Кейбір жерде жазылғандай, қысым көрсетіліп жатыр екен, иесін қамап тастағалы жатыр екен деген ақпараттар жалған. Алайда заң бойынша тиісті орган қызметкерлері бұл ақпарды естіген соң барып, тексергені рас. Себебі заң бойынша қызыл кітапқа енген жануарды ұстау түгілі, терісін де үйде сақтауға болмайды, арнайы рұқсатсыз. Алайда, бұл жерде жағдай мүлде басқа. Қазір арқар да иесінде, иесі де үйінде. Мамандар қолдан келген көмекті жасап, заң бойынша құжатын заңдастыру мәселесін қарап жатыр. Әйтпесе, үйде рұқсатсыз ұстауға болмайды. Талап сондай. Мына видеоны Жаңақорғандағы жігіттер түсіріп жіберді. Түсінбестік орын алып жатқан соң көрсін, білсін деп жүктеп отырмын" дейді ол.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: