13 сәуір 2025 ж.
:

Қоғам

0

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар,даму" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Қармақшы ауданында болды.
Ақпараттық-насихаттық топтың құрамында облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова,  облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Р.Нұртаев бар. Аудан активімен кездесуде облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов: 
– Жолдауда көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыратын кезең туды. Қазіргі таңдағы әлемдегі болып жатқан қатерлі жағдайлар мен қаржы жаһандық жағдайда дамудың басты бағыттары айқындалды. Жолдауда атап көрсеткендей: «Қазір және кез келген басқа уақытта біздің дағдарысқа қарсы басты стратегиямыз үш қарапайым, бірақ маңызды – өсім, реформалар, даму ұғымдарымен үндес келеді» Сондықтан жарияланған саяси құжаттың басты көздеген мақсаты бірлігіміз бен тұрақтылығымызды сақтай отырып, әлемдік дағдарыстың қиындығын жеңіп шығу,- деді. 
Сондай-ақ жиында АНТ мүшелері Жолдауда көрсетілген басым бағыттар бойынша пікірлерін білдіріп және Қармақшы ауданында үстіміздегі жылы әрбір салада жүргізілетін жүйелі жұмыстар жайында баяндады. Кездесуді аудан әкімі С.Мақашов қорытындылады.
Пікір қалдыру

0

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: