Еліміздің көптеген аймақтарындағы қолайсыз ауа-райы салдарынан көлік қатынастарында қиындық туып отыр. ҚР Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, осындай жағдай Жезқазған-Қызылорда қалалары арасындағы жолда орын алған. Бұл жайында Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі мәлім етті.
Аталмыш жолдың Қарағанды облысы аумағындағы 236-314 шақырымдарында ауа-райының жоғарылауына байланысты жол лай болып кеткен. Соның салдарынан көліктердің балшыққа батуына алып келген.
Тек ақпан айының өзінде бұл жолдың бойында балшыққа батқан ауыр салмақтағы көліктер мен автобустардың 10 дерегі тіркелген. Осы аумақта елді мекендер арасы өте шалғай. Бұл авариялық-құтқару жұмыстарын уақтылы атқаруға біршама қиындық туғызады. Мамандардың айтуынша, рейстік автобустардың техникалық жағдайы да өте деңгейінде емес.