Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА СПОРТПЕН ТҰРАҚТЫ ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАР 25,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА СПОРТПЕН ТҰРАҚТЫ ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАР 25,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІҚызылорда облысында спортты дамыту мақсатында жаңа нысандардың қатары артып келеді. Өткен жылдың өзінде Ипподром, «Бокс» орталығы, Қазалы ауданындағы Әйтеке би, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде спорттық-сауықтыру кешендері мен Сырдария ауданындағы Н.Ілиясов елді мекеніндегі стадион пайдалануға берілді. Нәтижесінде спортпен тұрақты шұғылданушылардың саны 25,3 пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді.
66 спортшыға, оның ішінде 10 мүгедек спортшыға стипендия төлеу үшін облыстық бюджеттен 69,5 млн. теңге бөлінді. 
Өткен жылы жоғарғы шеберлік деңгейіндегі спортшыларды дайындау мақсатында 227 оқу-спорттық жиындар өткізіліп, оған 2417 спортшы қатысты. 278 халықаралық, республикалық жарыстарға облыстың 2468 спортшысы қатысты. Республика чемпионаттарында облыс спортшылары 165 алтын, 138 күміс және 221 қола медальдарды иеленсе, Азия және әлем чемпионаттарында 23 алтын, 11 күміс, 19 қола медальды иеленді. ҚР құрама командаларына облыстың 306 спортшысы кірді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: