Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫР ДИҚАНДАРЫ 164 МЫҢ ГЕКТАР ЕГІС ЕГЕДІ

СЫР ДИҚАНДАРЫ 164 МЫҢ ГЕКТАР ЕГІС ЕГЕДІБиылғы жылы 164600 гектар алқапқа егіс егу межеленіп отыр. 
Дәнді дақылдар көлемі 84,1мың, мал азығы дақылдары 59,1 мың, көкөніс, бақша, картоп дақылдары 16,7 мың, майлы дақылдары5,4 мың гектарды құрауы тиіс. Негізгі дақыл – күріш 76,2 мың гектарга егіледі деп межеленуде. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7600 гектарға аз. Бұл егін шаруашылығын әртараптандыруға қатысты болып отыр. Мұнан кейін басқарма өкілі көктемгі егістікке техникалардың дайын­дығы, минералды тыңайтқыштармен қам­тамасыз етілу барысы, қаржы бөлу жағ­дайынан мәліметтерді келтірді. Мәжі­лісте «Қазсушар» РМК Қызылорда филиа­лының директоры Болат Арыстанбаев көктемгі егіске су алуға дайындық барысы, Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе» және Шиелі ауданындағы «Шиелі» магистральдық каналдарындағы су тоспаларының биылғы жылғы жағдайы жайлы айтып берді. Ол биыл су жеткілікті болады деп болжанып отырғанын жеткізді. Ал «Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС бас директоры Серікбай Өмірзақов биыл ресейлік сорттармен қатар, отандық «Маржан» және «Айсәуле» сорттарына сұраныс жоғары деген ақпарат беріп өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: