Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

2016 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР АРАЛ ТЕҢІЗІН ЗЕРТТЕМЕК

2016 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР АРАЛ ТЕҢІЗІН ЗЕРТТЕМЕКҚазақстан Ұлттық географиялық қоғамы осы жылдың жазында Арал теңізінде ғылыми экспедиция ұйымдастыруды қолға алуда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте Назарбаев университетінің инновациялар бойынша вице-президенті Қанат Байғарин хабарлады.
«Қазақстан тәуелсіздігін алғанда арал мәселесі ауқымды болатын, National Geographic сол кезде Арал және оның проблемалары жөніндегі экспедицияларымен жарияланымдар жасаған. Олар бізге 15-20 жыл сайын осы экспедицияны қайталап жүргізуге ұсыныс берген-ді. Бүгінде осы мүмкіндіктер жөнінде келіс-сөз жүргізілуде», - деді ол.
«Дей тұрғанмен биыл жазда өзіміз де Арал теңізіне экспедиция жасауды жоспарлаудамыз. Сол уақытта шетелдік әріптестер бізге қосылуы мүмкін. Бірақ әріптестердің қатысуымен не өзіміз экспедиция жасалатын болады», - деді Қ.Байғарин.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: