Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТЕРРОРИЗМ АКТIСI ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАМА БЕРГЕН

ТЕРРОРИЗМ АКТIСI ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАМА БЕРГЕНБайқоңыр қалалық сотында сотталушы Р-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 273 бабымен (дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) қылмыстық іс қаралды.  Бұл жайында  Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс құжаттарына сай, соттың өндірісінде қылмыстық іс келісімді түрде қаралды. 1 наурыз 2016 жылғы басты сот талқылауында кінәні мойындау арқылы процессуалдық келісімге келді. Процессуалдық келісімге сай сотталушы Р. жасаған қылмыстық құқықбұзушылығын мойындады.
2015 жылдың 20 қарашасы күні сотталушы Р. ішімдік ішіп алып сағат 19.00-дер шамасында өз үйінде теледидардан Парижде болған террористік акт туралы кешкі жаңалықтардан көріп, қоғамға қауіп төндіретін ауыр қылмыс жасау туралы қылмыстық ниет пайда болады. Сотталушы Р. қылмыстық ниетін іске асыру үшін «Байконур»  кешеніндегі Ресей ІІМ-нің кезекші бөліміне үй телефонынан өзінің пәтері орналасқан подъезде жарылыс заты бар деп жалған ақпарат береді.
Сот үкімімен сотталушы Р. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 273 бабымен кінәлі деп танылып, 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтейтін болды. Үкім заңды күшіне енбеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: