Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ "25 ПАЙДАЛЫ ІС" ЖАСАМАҚ

ҚАЗАЛЫДА ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ "25 ПАЙДАЛЫ ІС" ЖАСАМАҚЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Қазалы аудандық әйелдер кеңесі "25 пайдалы іс" жобасын іске асырмақ. 
Жоспар бойынша жыл ішінде 25 нақты іс-шара қамтылып отыр. Олардың қатарында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге қолдау көрсету, тұрмысы төмен отбасылардағы көмекке мұқтаж және науқас балаларға ота жасалуына көмектесу, "Ана мен баланың 25 саябағы", "Әйелдер клубы" жобалары және басқа да игі шараларды жүзеге асыру. Сонымен қатар, аудан көлемінде әйелдердің экономиканың түрлі салаларында жұмыс істей алуы үшін жаңа мамандықтарға қайта даярлау мен оқыту жөнінде ауқымды жұмыстар қолға алынады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: