Света Кереева орта мектепті тәмамдаған соң Қазалы темір-бетон бұйымдары зауытына сылақшы болып орналасты. Сол тұста мекемеге келген жаңа техникалардың тілін білетін мамандардың тапшы болуы себепті бірнеше жас Белоруссияның Могилев қаласына 6 айлық курстан өтуге жіберілген-ді.
Солардың қатарында Света Кереева да болды. 1982 жылы ол елге «Краншы» маманы болып оралды.
Бүгінде өз ісінің тәжірибесі толысқан маманы атанған Света алғаш рет биіктігі 8 метр кранның кабинасына имене отырған сәтін жиі еске алады. Міне содан бері бірнеше жыл бойы кран машинасы тетігінен меңгеріп, шеберлікпен басқарып келеді.
Таңертеңмен жұмысына кірісетін Света келген бетонды қораптан арнаулы қалыптарға құйып, кептіру пешіне жеткізіп береді. Дайын өнімді арбалардан түсіріп, текшелеп жинау, тапсырыс арқылы аспалы кранның көмегімен вагондарға бетон тиеу де оның басты міндеті.
Ер азаматардан кем еңбек етепейтін краншы қыз қашанда ұқыпты. Көп сөйлеуді білмейтін Света істің адамы. Өзіне тапсырылған тапсырмаға тиянақты, жүктелген жұмысқа өте жауапты. Осындай мінезінен болар кезінде аудандық кеңестің депутаттығына сайланды. Көп қыз-келіншектің қолынан келе бермейтін қиын мамандықты таңдаса да, ұршықша үйіріп жүрген оған ріптестері риза. Оны мекеме басшының тарапынан берілген «Алғыс хаттар» мен Қазақстан теміржолы басқармасының «Құрмет грамотасы» және түрлі сый-сияпаттардан аңғаруға болады. Сондай-ақ, Құрылысшылар күніне орай аудан әкімінің «Алғыс хатын» да иеленді.
Кейбір нәзікжандылар үшін күрделі көрінетін кран машинасын жанына серік еткен Света алты баланың анасы. Жолдасы Ермұрат Бекжановпен дүниеге төрт қыз, екі ұл әкеліп, тәрбиелеп отыр. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» деген қағиданы қатаң ұстанатын краншы Света Кереева өз мекемесіндегі озат еңбеккерлердің бірі.