Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІҚызылорда қалалық мәслихатының мәжіліс залында «Еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту шаралары» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңесті қала әкімі орынбасары Айдын Бөкенбайұлы Қайруллаев жүргізді. Семинар-кеңесте облыстық еңбек саласын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Өтеп Исмайылұлы Хасанов Еңбек қатынастары туралы, облыстық кәсіподақтар орталығы төрайымы орынбасары Майра Қадырбекқызы Боранбаева Ұжымдық шарт туралы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Аманжол Исатайұлы Алдажаров жұмыспен қамту 2020 жол картасының бағдарламасына енгізілген өзгерістер туралы хабарламалар жасады. 
Қала әкімінің орынбасары Айдын Бөкенбайұлы Қайруллаев мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекет тарапынан әлеуметтік төлемдерді төлеумен қатар мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес оларға кедергісіз ортаны қалыптастыру және әлеуметтік қолдау барысындағы қала көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: