Бүгін Қазалыда аудан әкімі Нажмадин Шамұратовтың қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтті.
Орталық алаңға жиналған қауым елдің айбынын асқақтатып, жаудан қорғаған бабалардың рухына тағзым етті.
Аудан басшысы Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтап, «7 - мамыр мемлекетіміздің қуаты мен сенімділігін әрқашан айғақтап тұратын күн болсын» - деген тілек білдірді. Мұнан соң шара концерттік бағдарламаға ұласып, әскери әндер мен билер орындалды.