ҚЫЗЫЛОРДАДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Бұл туралы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссиясы отырысында айтылды.
Қызылорда облысы Конго-Қырым геморрагиялық қанды безгегі ауруының табиғи ошағы болып табылады.
Жалпы облыстық бюджеттен жылма-жыл қомақты қаржы бөлініп, індеттің алдын алу шаралары ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылы да бөлінген қаржыға бірінші кезектегі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидмаусымында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ ретінде 100 елді мекен белгіленді. Сала басшыларының айтуынша, биылғы маусым жылы әрі жауын-шашынды болғандықтан кене таралу қауіпі жоғары, жұмыстар көлемі 2 есе ұлғайды.
- «Біткен іске сыншы көп» - деген қазақта мақал бар. Залалсыздандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуі тек тапсырысшы мекеме емес, осы бағытта жұмыс атқарып отырған барлық тиісті сала басшыларының, аудан және қала әкімдерінің тікелей міндеті. «Маған қатысы жоқ» - дегенді қою керек. Халқымыздың бірқалыпты тыныс-тіршілігіне бәрімізде жауаптымыз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Бұл мәселе бойынша аймақ басшысы тиісті сала мамандарына тапсырма берді.