Қазалы ауданы бойынша әскери есепте 5441 азамат есепте тұрса, оның ішінде 2259 шақыруға жатпайтындар, әскери қызметке шақыруға жататын азаматтардың саны 3182 құрайды.
Бұл туралы аудан әкімінің төрағалығымен өткен тұрақты кеңес мәжілісінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Ғ.Бердібеков мәлімдеді. Көктемгі мерзімді әскери қызметке 350 азамат шақырылып, 293 азамат аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізілген. Медициналық сараптамадан 151 азамат өткізілсе, қалған 142 азамат білімін жалғастыру үшін қалдырылған. Көктемгі әскери қызметке шақыру кезінде 35 азамат Қазақстан Республикасындағы әртүрлі әскери бөлімдерге жөнелтілді.
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов аудан көлемінде мерзімді әскери қызметке шақырудан және әскери есептен жалтарып жүргендерді жедел іздестіру жөніндегі жедел топтың жұмысын күшейтуді және аты-жөндерін БАҚ-қа жариялауды тапсырды.