Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АУДАН ӘКІМІ ШАПАҒАТТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ШАПАҒАТТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов «Шапағат» балаларды сауықтыру орталығының балалары ұйымдастырған шараға қатысты. 
Өз құттықтауында аудан басшысы орталықта тәрбиеленуші балаларды төл мерекелерімен құттықтап, ұжымның адал еңбектеріне алғысын білдірді. Бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, ата аналары мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
«Шапағат» орталығы ұжымының демеуші болып келе жатқан ПҚҚР мұнай компаниясына айтар алғыстары шексіз екендіктерін жеткізді. Петроқазақстандықтар мүмкіндігі шектеулі жандарға мерекелік арнайы сыйлықтарын табыс етті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: