Салық салу базасын ұлғайту мақсатында құрылған жедел жұмысшы топтың жүргізген жұмыстарының нәтижесінде жыл басынан бері тіркелмей сауда жасаған 215 жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелді.
170 салық төлеушіге бақылау кассалық машинасының болмауына байланысты әкімшілік шараға тартылды.
Сонымен бірге, лицензиясыз алкоголь өнімін сатуды тексеру нәтижесінде 6 салық төлеушіден мемлекеттік бюджетке 256,6 мың теңге айыппұл өндірілді. Жаңадан қабылданған объектілердің техникалық құжаттары тиісті мерзімінде рәсімделуі тұрақты бақылауға алынып, құрылысы аяқталған және рұқсат құжаттары рәсімделген 19 нысан бойынша 1,7 млн. теңге бюджет кірісіне алынды.
Түсіндірме жұмыстары арқылы 20 кәсіпкердің жылжымайтын мүліктері қайта бағалаудан өткізіліп, мүлік салығының жылдық түсімі 733,0 мың теңгеге артты. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауданның салық салу базасы тек мүлік салығы бойынша 105,0 млн. теңгеге ұлғайған.