Барсакелмес қорығының ғимаратында іссапармен келген қонақтарға арнайы балалар мен ұстаздардың көрмесі ұйымдастырылды.
Баршаны тазалықты сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға шақыратын көрменің негізгі мақсаты – табиғат қалдықтарын тиімді пайдалану арқылы қоршаған ортаға көмек көрсету.
Олар қалдық пластикалық бөтелкеден жасалған отырғыштарды, сан алуан жарамсыз заттардан жасалған естелік-сыйлықтар мен ою-өрнекпен көмкерілген көптеген көрнекі бұйымдарды көрермен назарына ұсынды. Жиналған көрермендер бұл қолөнер бұйымдарын ерекше ықыласпен қызықтап, тәнті болды.