Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРМАҚШЫДА ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫҚармақшы ауданы әкімінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті. 
Салтанатты шарада аудан әкімі Сұлтан Мақашов мереке иелерін құттықтап, осы күнгі мемлекеттік қызметшінің бейнесі мен қоғамдағы маңызын алға тартты. Оған артылар міндеттерге тоқталып, ел дамуының мемлекеттік қызметшінің адал еңбегімен тығыз байланысты екендігін атады. Жиында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті. 
Аудан басшысы мемлекеттік қызмет саласындағы өз міндеттемелерін кәсіби деңгейде атқарып, еліміздің егеменді, тәуелсіз, демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекетке айналуына қосқан үлесі үшін бір шама қызметкерлерді облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай ақ жиында ұзақ жылдар мемлекеттік қызмет саласында қалтқысыз қызмет атқарып, зейнет демалысына шыққан ардагерлер, ант қабылдаған және марапат биігінен көрінген мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, баталарын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: