Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ШАЛҒАЙ АУЫЛ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

АРАЛДА ШАЛҒАЙ АУЫЛ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫБеларан ауылдық округінің орталығы – Құланды ауылында өзекті мәселелердің бірі көшелерді жарықтандыру жұмыстары болатын. 
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы Мұхимовтың Құланды ауылының тұрғындарына берген есепті кездесуінде жарықтандыру жұмыстары туралы ұсыныс-пікірлер айтылған. Міне осы ұсыныстар ескеріліп, ауыл көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаржы қаралды. Ағымдағы жылдың 5-ші тамызында Құланды ауылының көшелеріне жүргізілген жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Жарықтандыру жұмыстарын «Нұр-Энерго-Кызылорда» ЖШС жеңіп алды. Дәлірек айтқанда қаралған қаржының көлеміне сәйкес көшенің 600 метр жеріне 17 жарық бағанасы орнатылып, халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Көшедегі жарық шамдары түнгі мезгілдегі құқықбұзушылықты болдырмауға және тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өз септігін тигізетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: