Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МҰНАЙЛЫ ЖЕРДІҢ САТЫЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ

 

Күні кеше Қызылорда облысында қойнауы мұнайға толы жер телімінің Olx порталы арқылы сатылып жатқандығы туралы ақпаратты жариялаған болатынбыз. Бүгін облыс әкімдігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды SkifNews.kz.
Аталған материалда сатылатын жердің жекеменшікке тиесілі екені және құны 2 млрд 918 миллион теңге екені көрсетілген. Тіпті, қойнауында 1-2 миллион тонна көлемінде қара алтынның қоры бар екендігін растайтын құжат та ұсынылған. Ал, әкімдік өкілдері болса бұл жердің тек ауылшаруашылық мақсатында пайдалануға рұқсат етілгенін алға тартуда.
«Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының мәліметі бойынша сату үшін жарнамаға қойылған жер актісі азамат Бимурзаев Султанбек Шонжаровичке берілгендігі анықталды (жарнама берушінің есімі Рустам Рыспеков). Сонымен қатар, аталмыш жер телімі Сырдария ауданы, А.Тоқмағамбетов ауылдық округінің «Қарасор» өңірінен ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану үшін берілген (жарнамада көрсетілген жер учаскесінің мекен-жайы: Құмкөл трассасындағы "Казма" компаниясынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан). ҚР жер заңнамаларына сәйкес жер учаскесін мұнай кеніші ретінде пайдалану үшін ең алдымен міндетті түрде салалық министрлікпен (ҚР Энергетика министрлігі) берілген жер қойнауын пайдалануға контракт болуы тиіс. Сондай-ақ, мұнай өндіруге қатысты жер беру облыстық жергілікті атқарушы органның құзыретінде және оның шешімі мен өзге де құжаттарын дайындау облыстық жер қатынастары басқармасымен жүзеге асырылады. Осы ретте, аталмыш басқарма бұл жер учаскесі мұнай кеніші ретінде пайдалануға ешқандай тұлғаға берілмегендігін мәлімдейді» делінген әкімдік таратқан ресми хабарламада.
Сондай-ақ, әкімдік өкілдері жарнамаға қойылған жер телімінің орналасу координаттары да дұрыс емес екенін де айтып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: