Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға іріктеу жүргізетін конкурстық комиссияның хаттамасының шешімі негізінде Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы Алпысбаев Дархан Төлегенұлы атқарып келген қызметінен босатылып, Қазалы қаласы әкімінің өкімімен Қазалы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Дархан Төлегенұлы - 1986 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2008 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Қазалы аудандық жер қатынастары бөлімінің маманы болып бастаған. 2010-2012 жылдары Қазалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы, 2012-2014 жылдары Қазалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2014 жылдың сәуір айынан бастап Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: