Қызылорда облысы Арал ауданының әкімдігі Астана қаласының Есіл аудандық әкімдігімен Елордадан арнайы дүкендер желісін ашу жөнінде өзара меморандум жасасты.
Келісім бойынша, Арал ауданы әкімдігі Астана қаласына ет, сүт, балық өнімдерін мерзімінде сапалы түрде жеткізіп отырады. Ал Есіл ауданы әкімдігі Арал ауданынан жеткізілген азық-түлік өнімдерін сатуға арналған әлеуметтік дүкендер желісін ашуға жұмыс жасайтын болады.
Айта кетейік, дүкендер ашу мақсатында Астана қаласының Есіл ауданынан арнайы жер телімдері бөлініп, кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілетін болды