Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДАҒЫ АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН КӨЛІКТЕР МІНДІ

АРАЛДАҒЫ АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН КӨЛІКТЕР МІНДІ

 

Кеше Арал ауданына қарасты Сексеуіл кенті мен Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімдері бір-бір жаңа, жол талғамайтын «УАЗ» көлігін мінді.
Аудан басшысы А.Мұхимов алыс ауылдар үшін мұндай көліктердің өте қажеттігін айтып, қызметтік көліктердің кілтін табыс етті.
Сексеуіл кенті аудан орталығы – Арал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 53 шақырым жерде орын тепкен. Ауыл Алтыншоқысу тауларының оңтүстік баурайында, қуаң шөлді белдемде орналасқан. Іргесі Орынбор-Ташкент темір жол магистралін (20 ғасырдың бас кезі) салуға байланысты қаланған. Кентте темір жол стансасының локомотив депосы, "Құланды” асыл тұқымды жылқы зауытының орталығы орналасқан. Соңғы халық санағы бойынша Сексеуіл кентіндегі халық саны 16 мың болды. Бұл Сексеуіл кентінде демографияның өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Ал Жаңақұрылыс ауылдық округінің құрамына Жаңақұрылыс ауылы кіреді. Тұрғыны 0,9 мың адам. Орталығы – Жаңақұрылыс ауылы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: