Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕРІ  ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

 

Облыстық ардагерлер кеңесінің семинарына келген қонақтар, өткен жылы пайдалануға берілген аудандық «ардагерлер үйінде» болып, аталған ұйымның жұмысымен танысты. 
Қазіргі таңда аудандық ардагерлер үйі қарттардың бір мезгіл келіп дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сынды ойындар ойнап, газет-журналдар оқып, спортпен шұғылданып кететін екінші үйіндей. Төраға болып сайланғанына жылға жуық уақыт болса да, қатарында 6 мыңнан аса ардагері бар кеңесті басқаратын Қаршыға Есдәулетов ардагерлеріміздің өсиет сөздерін алға тарта отырып, жұртты бірлікке, ынтымаққа шақырады. Ардагерлер үйінің жұмысымен танысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов, Қ.Есдәулетовтің жұмысын жоғары бағалап, естелікке кітаптарды сыйға тартты. Айта кетейік, бүгінде ауданда 64 бастауыш ардагерлер ұйымы болса, ұйымда 3769 ардагер есепте тұрады. Оның ішінде 4 ардагер Ұлы Отан Соғысына қатысқандар, 505-тыл ардагері, 35-Ауған соғысына қатысқан азаматтар, Невада-Семей сынағына қатысқандар – 108, Чернобыль АЭС-да апатына қатысқан-38 адам, және Алтын алқа-Батыр аналар саны -442.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: