Жаңақорған ауданында Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Қарттарым аман-сау жүрші» атты мерекелік кеш болып өтті.
Елімізде жыл сайын кеңінен аталып өтетін айтулы мерекеде , ғұмырнамалары көпке үлгі қарияларымызға құрмет көрсетілді. Мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі Ғ.Әміреев жиналған ардегерлерімізді мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, ардагерлерге сый-құрмет жасалып, «Аяна» мейрамханасында мерекелік түскі ас берілді. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.