ОБЛЫСТЫҚ «АҚМЕШІТ ЖАСТАРЫ» ГАЗЕТІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар қорытындыланды. Бұл жайында Kyzylorda-news.kz хабарлады.
Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Меңлібаев Сыр жастарының белсенділігін атап өтті. Оның айтуынша, 2015 жылы 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Басқосуда жастар бірлестіктері және ұйымдарының басшылары атқарылған жұмыстарды баяндады.
Одан соң облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық «Ақмешіт жастары» газеті бірлесе ұйымдастырған жас журналистер арасындағы «Тәуелсіздік толғамы» шығармашылық байқау жеңімпаздары марапатталды. Байқау нәтижесімен бас жүлдені облыстық соттың қоғаммен байланыс бөлімінің инспекторы Айжан Ысқақова иеленді. Бірінші орын Қорқыт ата аындағы ҚМУ-дің студенті Ерасыл Шәрібек, ал екінші орын М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Айдана Жұмадиноваға бұйырды. Үшінші орынға «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Бағлан Тілеубергенова лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.