Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӨНДІРІСТІ ҰТЫМДЫЛЫҚ ӨРГЕ СҮЙРЕЙДІ


Облыс орталығында орын тепкен «Ұшқын» Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС жқаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтып келеді. Олар 5 жыл ішінде аймақ бойынша қаншама адамды тұрақты табыспен қамтамасыз етіп отыр.
Аталмыш кәсіпорын 2013 жылы құрылған болатын. Онда тротуарлық плиткалар мен жол жиек тастары, пластикалық терезе, есік және витраждар жасалады. Сонымен қатар, кез келген офистік және үйге арналған жиһаз өнімдері өндіріледі. Одан бөлек, сыртқы жарнама қызметінің барлық түрлері, әртүрлі полиграфиялық өнімдерді басып шығару мен клинингтік қызметтер, компьютерлік және периферийлік құрылғыларды жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мұнда 211 адам қызмет жасаса, оның ішінде 119-ы мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Ағымдағы жылдың 9 айында ұйым 331 мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысып, нәтижесінде 342,6 млн.теңгенің тапсырысын орындаған.
Кәсіпорын басшысы Бақыт Жұмашев мүмкіндігі шектеулі адамдардың көпшілігіне жұмысқа орналасу қиын екенін ескеріп, олардың табыс табу және өз отбасыларын асырау үшін көмектесу мақсатында өндірістік цех ашу туралы шешім қабылдаған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: