Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралдық оқушылар құрастырмалы бесік жасады

Аралдық оқушылар құрастырмалы бесік жасадыАрал ауданының оқушылары Мұсабек пен Исабек Аққасыновтар қолдануға өте ыңғайлы, жиналмалы бесік ойлап тапты.
Жас өнертапқыштар өздері ойлап тап­қан жаңа бесік түрін Арал аудандық Мәдениет үйінде өткен «EXPO LAND-2014» инновациялық идеялар жәрмеңкесіне шығарды.
Өзі жиналмалы әрі жеңіл бесік жолда алып жүруге барынша қолайлы. Оқушылардың өздері «бұл ісіміз арқылы ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртуға үлес қосамыз», дейді. Бұл уақытқа дейін Мұсабек пен Исабек мұндай бесіктердің онын құрастырып, сатып үлгіріпті. Алдағы уақытта екеуі бесікті мұнан әрі жетілдіріп, сатып алушылар қатарын көбейтеміз деп отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: