Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПРОКУРОРЛАРДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ АСТАНАДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПРОКУРОРЛАРДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ АСТАНАДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация Министрлігінде «16 жасқа толмағандарды әлеуметтік желілерге тіркелуіне шектеу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шарада өсіп келе жатқан жасөспірімнің рухани дамуына теріс әсер ететін материалдарды түрлі тәселдері, сонымен қатар, аталған мәселелерді шешудегі өзекті ұсыныстар талқыланды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары, мүдделі министрліктердің, қоғамдық бірлестіктердің мен республикалық БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Аталған кездесудің ерекшілігі жасөсіпірімдер арасында смартфондарды ұрлаудың алдын алу бойынша оң тәжірибемен және интернет кеңістігінің теріс ықпалы туралы Қызылорда облыстық прокуратурасының өкілі Н.С.Дүйсенбаевтың қатысуы.
Облыс прокуроры Х.З.Дәуешов уәкілетті органдармен бірігіп жүргізілген жұмыстардың қорытындысымен қол жеткізілген оң нәтижелер аудиторияға толығымен айтылғанын атап өтті.  Атап айтсақ, барлық 299 мектеп мен 31 колледждің Жарғыларына «смартфонмен» қолдануға шектеу қойылған өзгертулер енгізілді (жай телефоннан басқа). Бұл оқушылар арасында әлеуметтік теңсіздіктің, олардың моралдық-рухани дамуына теріс әсер етуінің жолы кесілуіне ықпал етті. Сонымен қатар, мектептегі ұрлық қылмысы төмендеді, себебі, балалар арасында қызғаныш себебінен смартфон қылмыстың бұзушылықтың негізгі (65%) құралына айналып отыр.
Бүгінгі күні кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың 17,4% (69-дан 57-ге), оларға қарсы 4 есе (147-ден 36-ға дейін), жасөспірімдердің қылмыстың қол сұғылмаушылығы 2 есеге (39-дан 20-ға дейін) төмендеуіне қол жеткізілді.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтар мен түрлі тәртіпсіздіктің алдын алу мен жолын кесу тиімді мүмкінді болып саналатын мектептерді бейнекамералармен және мектеп инспекторларымен 100 пайыз қамту үшін 900 млн. теңге бөлу жоспарлануда.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: