Бүгін, 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан ардагерлері 1 жылдық атқарған жұмыстарын сарапқа салып жиын өткізді.
Жиында жыл басынан бері аудан ақсақалдарының тікелей қатысуымен өткен шаралар мен ардагерлердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатындағы шаралар төңірегеніде баяндамалар оқылды. Биылғы жылы аудан қарттарына қамқорлық жасауды аудан әкімі Абзал Мұхимов назардан тыс қалдырған емес. Ардагерлер арасында түрлі спорттық жарыстар өткізіп, жалғыз басты және денсаулығында кінәрат бар қарттарға, сонымен қатар соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткен ардагерлерге әрдайым зор қолдаулар мен қамқорлықтар көрсетіліп келеді.
Үстіміздегі жылы 281 ардагер шипажайларға жолдама алып, демалып қайтқан. Жиында ардагерлер мен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары аудан әкімі Абзал Сансызбайұлына осындау қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.