Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ САНЫ АЗАЙҒАН

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ САНЫ АЗАЙҒАН

 

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қ. Қобландин БАҚ өкілдеріне арналған брифингте 2016 жылдың 9 айында атқарған жұмыстардың барысын мәлімдеді. 
«Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс, дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады», - деген болатын. 
Аталған қағидатты қалыптастыру мақсатында, азаматтардың құқықтық сана-сезіміне селкеу түсіретін және қоғамдық тәртіптің бұзылуына тікелей әсер ететін әкімшілік кодекстің баптары белгіленген. Осы бағытта есепті мерзімде 22 мыңға жуық құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар жүргізілуде»,-деді аталған қызмет бастығы Қ. Қобландин. 
Жергілікті полиция қызметінің негізгі бағыттарының бірі қылмыстылықтың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып негізделген. Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес, облыс орталығы 396 бағытқа бөлініп, жол патрульдік полиция қызметкерлері тәулікте 2 ауысымда қызмет атқаруда.
Жол апаттылығының алдын алу бағытындағы атқарылған профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 9 айда орын алған жол көлік оқиғаларының саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 дерекке азайған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: