Жастар ресурстық орталығы КММ-нің мәжіліс залында «Мен болмасам, кім?» тақырыбында жастардың қатысуымен психологиялық тренинг өтті.
Бұл шараны Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырды. Аталмыш шараның мақсаты – жастардың топпен жұмыс жасай алу мен компромиске келе алу қабілетін анықтау, лидерлік қабілеті басым қатысушыларды анықтау.
Барлығы 30 дан астам жас қатысқан тренингті «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің психологы А. Өтемісова жүргізді. Шара барысында танысу жаттығуларын жасатып, «Комплимент», «Жіптік курс» («Веревочный курс»), «Менің жетістігім» («Мои достижения») атты ойын-жаттығуларын өткізді. Сондай-ақ, «Уникум» атты психологиялық ойын жаттығуларын болды. Тренинг соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, осындай шаралар көптеп болса екен деген ұсыныс тілектерін білдірді.